AAPL
133.98 $
1.27 %
TSLA
623.71 $
0.46 %
NDAQ
178.7 $
-0.04 %
GOOGL
2446.61 $
0.43 %
FB
339.03 $
2.03 %
FRHC
61.35 $
-0.54 %
AAPL
133.98 $
1.27 %
TSLA
623.71 $
0.46 %
NDAQ
178.7 $
-0.04 %
GOOGL
2446.61 $
0.43 %
FB
339.03 $
2.03 %
FRHC
61.35 $
-0.54 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Полиция қазақстандықтарды камера алдында кешірім сұрауға мәжбүрлей ме: Министрдің жауабы

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев полицейлер құқық бұзушылық жасаған азаматтарды камера алдында кешірім сұрауға мәжбүрлемейтінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Соңғы уақытта кез келген резонанстық оқиғалардан кейін ІІМ кінәлілердің кешірім сұраған видеоларын жариялайды. Адамдарды камера алдында кешірім сұрауға мәжбүрлеу қаншалықты заңды немесе олар өздері ниет білдіре ме? Мұндай тәжірибе кінәсіздік презумпциясын бұза ма?”, – деп сұрады ОКҚ-да өткен брифингте журналистер.

Ерлан Тұрғымбаевтың айтуынша, оларды полиция мәжбүрлемейді.

“Орган қызметкерлері ешкімді бейнекамера алдында кешірім сұрауға мәжбүрлемейді. Қазір әлеуметтік желілерде әркімнің парақшасы бар, егер азамат өз әрекеттерінің заңсыздығын шынымен түсінсе, ол қалаған нәрсесін жариялай алады. Сонымен қатар өз кінәсін шын жүректен өкініп мойындау кейбір құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікті алып тастайды”, – деп түсіндірді Ерлан Тұрғымбаев.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр