Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ешкім қорлық көрсеткен жоқ": Аружан Саин Абай ауылында зорланған баланың қазіргі жағдайын айтып берді

Қазақстандықтар үш жыл бұрын болған қорқынышты оқиғаны еске алды. Түркістан облысы Абай ауылында жоғарғы сынып оқушылары зорлаған бала әлі де қысым көріп, қорлыққа шыдап жүргені туралы оның әжесі айтып берген. Оқиғаны Аружан Саин түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Еуразия” бірінші арнасына сілтеме жасап.

Жәбірленушінің әжесі The Village Kazakhstan порталына сұхбат берген. Баланың әжесі немересін үйден шығармайтынын айтады. Өйткені ауылдағылардың барлығы баланы мазақ қылып, қорлық көрсететін көрінеді. 

Жағдайды белсенді Аружан Саин түсіндіріп берді. Ол баланың анасымен сөйлескенін, анасы тіпті баланың әжесі сұхбат бергенін білмейтінін айтты. Бала жазғы демалыс кезінде ауылға барған. Бірақ қазір олар Алматыда еріктілермен бірге тұрып жатқан көрінеді. Балаға тиісті психологиялық көмек көрсетілуде. Ол қауіпсіз жерде тұрып жатыр. 

“Олар үш жылға жуық уақыт бойы сол жерде тұрып жатыр. Біз психоогтардың көмегін төлегенбіз. Балаға мамандармен жұмыс көмектесті. Мен қазір анасы баланы болған оқиғаны ұмыту үшін қамап ұстап отыр деп қорққанмын. Ол қарапайым балалар секілді мектепке барып жүр, жаңа адамдармен қарым-қатынас орнатуда. Балаға болған оқиғаны есіне салатын адам жоқ, айналасындағылардың ешқайсы бұл туралы білмейді”, – дейді Аружан Саин. 

Түркістан облысына қарасты Абай ауылында жеті жастағы баланы жоғарғы сыныптың оқушылары зорлап келгені анықталған. Оқиғаға қатысы бар төрт адам анықталды. 

Сараптама күш қолдану фактісін растады. Алайда күдіктілердің біреуі ғана жазаланды. Студент жеті жылға бас бостандығынан айырылды. Ал басқалары қылмыс кезінде 14 жасқа толмаған болатын. Оқиғадан кейін жәбірленуші мен анасы Алматыға көшіп келді. 

Талқылау