Есентаева қызына үш жылдан бері би үйрете алмай жүр
Елімізге танымал продюсер Баян Есентаева кіші қызы Айарудың ернін қызыл далаппен бояйтынын сынағандарға жауап қайтарған болатын. Енді міне бірнеше тілді меңгерген қызынан бишіге айналдыру үшін барын салып жүр екен.

Фото: websta.me/n/aiarusha
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Продюсердің сөзіне сенсек, кіші қызы Айару Бақытбек үш жылдан бері үйренуге тырысса да, әзірге биге икемі келмейді.
“Ол ағылшын, француз, қазақ, орыс тілдерін жетік меңгерген. Фортепианода да керемет ойнайды, тағамды дәмді пісіреді және биге сондай икемсіз. Бірақ мен берілмеймін, менің Чиконам”, – деп қызына би билеуді үйретпейінше тынбай еңбектенетінін жеткізді.
Видео опубликовано Bayan Yessentayeva (@bayanyessentayeva_)
Естеріңізге сала кетсек, Баян Есентаева әріптестерінің жаға жыртысуға дайын тұратыны туралы айтқанын хабарлағанбыз.
Ұстазының жетекшілігімен цирк әлеміне келген қазақстандық егіз Cirque du Soleil-де өнер көрсетеді
Алексей: "Cirque du Soleil-ге өтінім жіберіп, жауабын 4 жыл күттік"
"Түрлі тағам пісіремін, өкшелі аяқкиім киіп, саяхаттаймын": Желіде боянғанын көрсеткен 90 жастағы қазақстандық әже жұртты сүйсіндірді
Күнсара әже: "10-15 күн сайын моншаға барып, көп кітап оқып, әдемі жүргенді ұнатамын”