Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ернар Айдар: Өзге ұлтқа тұрмысқа шыққан қаракөздерді көргенде намыстанам

Қазақ эстрадасындағы бойдақ серілердің бірі Ернар Айдар әзірге жүрегін жаулаған аруды кездестірмегенін айтты. Одан бөлек, әнші өзге ұлтқа тұрмысқа шығатын қазақтың қыздары туралы пікір білдірді.

ернарS_11

«Басқа ұлтың жетегінде кеткен қарындастарымды көргенде қатты намыстанамын. Барлығы ата-ананың тәрбиесіне байланысты. Жүрек қазақ деп соғып тұрмаса да қиын. Ондай қыздарды көріп жүрміз. Кейбір қыздарды ата-анасы зорлап беріп жатады. Демек, ата-анаға көп нәрсе байланысты. Қазақтың қыздарының басқа ұлттық өкіліне күйеуге шыққаны қынжылтады. Қатты уайымдаймын», – деді әнші «Жұлдыз ТВ» арнасына берген сұхбатында.

Ернардың айтуынша, қазақтың қыздары намысшыл болса, басқа ұлт жігіттері олардың маңына да жолай алмайды.

«Қазақтың қыздары намысшыл болуы керек. Барынша қызға байланысты деп ойлаймын. Қыз кет десе, жігіт ештеңе істей алмайды. Қыз шақырса кез келген жігіт келеді», – деп жалғады сөзін ол.

Жіберіп алмаңыз:

Түркияның әншісі Бурай Қайрат Нұртаспен бірге «Байқа» әнін орындады (видео)

Әнші Нұрлан Әміров: Еркектің қыдырмайтыны жоқ, ол үшін сөкпеңіздер

Тағы да сын: Денесіне татуировка салдырған Луина сөгіс естіді (фото)

Кентал өзіне жар мен сәби іздеуде

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр