Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Еркекпін мен": Ғазизхан Шекербеков тоқал алғысы келетінін жайып салды

Ғазизхан Шекербеков әніне тағы бір өзекті тақырыпты арқау етті. Кезектісі тіптен шулы. Тоқал алу тартысы жайлы. Еркек біткенге ұнайтын екі әйел алу мәселесін Ғазизхан да сырт айналып өте алмаған.

Ғазизхан Шекербеков

Бұл туралы Stan.kz Hit-TV арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

"Бүгінгі клип қозғалмаған тақырып туралы, қызық болады. Қиялдан туған ғой, бір жағынан комедия жанрында. Өзіме комедия ұнайды. Екі әйелі бар еркектің әңгімесі. Ән ондай емес, бірақ бейнебаян сондай", - дейді Ғазизхан.
Бұл ретте әнші өзінің де тоқал алуға қатысты көзқарасын білдірді. Ол қоғамда өзіндік орнын қалыптастырып үлгерген ағаларына ұқсағысы келетінін айтты. 

"Енді ол қоғамда баяғыдан бар нәрсе ғой. Бізде оны қабылдағысы келмейтіндер өте көп. Сондықтан да оған барлығының шашы тік тұрып қарайды. Менің көзқарасым, бәлкім еркек болғаннан кейін, тәп-тәуір. 
Жалпы сондай ағаларыма қатты қызығамын. Сондай жасқа келгенде мен де құрметті жан болып жатсам, мен де тектілігімді көбейтуге әрекет жасап алар едім", - дейді Шекербеков. 

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.
   

Талқылау