Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ерке Есмахан: Ұлым дүниеге келгелі өз өміріме сақтықпен қарайтын болдым

“Бір кездері көлік жүргізетін әйелді көрсек, ол біз үшін Марс ғаламшарынан келген өзгепланеталық секілді көрінетін!” Ерке Есмахан әйелдердің көлік тізгінінде жүруіне қатысты пікірін білдірді. Ол ұлы дүниеге келгелі бері өз өміріне сақтықпен қарап, “тәртіпті жүргізуші” болуға тырысып жүргенін айтты, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Ерке Есмахан

Ерке Instagram-дағы парақшасында жазба қалдырып, бала күнгі естелігімен бөлісті.

“Бала күнімде нағашы апамның үйі біздің үймен көрші тұрды. Апамның қайын сіңлісі жигули айдап жиі қонаққа кеп тұратын. Рөлдегі тәте бәрімізге марс ғаламшарынан келген бөлек адам боп көрінетін еді. Ол кезде көлік жүргізетін әйел мүлде болмайтын еді ғой… Көлік жүргізген қыз-келіншекке ерсі, мәдениетсіз, тіпті ұят боп көрінетін.

Бертін келе әйелдер қауымы жаппай көлік тізгінін ұстай бастады. Заман тез өзгереді. Өзім де 10 жылдан бері рөлдемін. Бұрын жылдамдықты асырғанды, жолда жарысып жүргенді ұнататынмын. Муслим дүниеге келгелі балам үшін өз өміріме сақтықпен қарайтын болдым ба, білмеймін, жылдамдық асырмаймын… Жол ережесін бұзбаймын. Жолдағы қателіктер талай жанның өмірін өзгертті… Өзіме де, өзгелерге де қателігімнің кесірі тимесін деп “сауатты жүргізуші” болуға тырысамын.

Қазір көліксіз адамды елестету мүмкін емес. Керісінше, көлік жүргізбейтін адам сирек. Көлік болмаса, тіршілік бітпейтіндей… Мен танитын барлық таныс қыз-келіншек, құрбы, көршілер түгел көлік тізгінін ұстаған екен. Ал сіз ше?! Жалпы әйел адамның көлік жүргізуіне көзқарасыңыз қалай?” – деп сұрады ол оқырмандарынан.

Желі қолданушыларының басым бөлігі ХХІ ғасырда мұның қалыпты жағдай екенін атап өткен.

Тағы оқыңыз: 

Тележурналист “Әміре” фильміне қатысты: 15-25 жастағы ақылы аз жанкүйерлер үшін кино түсіргенді қою керек қой

Тиматиді аузына қаратқан қазақ әншісі ажырасып кеткенін айтты

4 бала тапқан Жұлдыз Әбдікәрімова мінсіз сымбатын қалай сақтағанын айтып берді (фото)

Шымкент тұрғындары Төреғали Төреәліге ақ боз ат мінгізді (видео)

Талқылау