Ерке Есмахан депутат болғысы келіп жүргенін айтты
29 қаңтар Астанада өтіп жатқан «Нұр Отан» саяси партиясының кезектен тыс XVII съезінде Мәжіліс депутаттығына үміткерлердің партиялық тізімі бекітіліп, оған Жанар Дұғалова, Қайрат Нұртас, Нұрлан Әлімжан сынды әншілер енген-ді. Әнші Ерке Есмахан осы тізімге енбегеніне өкініп жүрген сыңайлы.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Ерке Есмахан өзінің Instagram парақшасына елбасымен түскен суретін салып “Кеше елбасымен бірге бір саxнада тұру мәртебесі бұйырды. Қуанышпен бөліссе көбейеді дейді. Сіздермен осы фотомен бөлісуге асықтым!”, – деп қойнына сыймаған қуанышымен бөлісті.
Бұдан кейінгі суретінің тұсына “Осы тұрғандағы бір ойым: депутат болсам ба екен деп қоямын, ә?!” деп жазған екен. Мұны оқыған желі қолданушылары “Қайрат пен Жанардан қаласың ба? Сен де бол!” деген сынды пікірлер білдірді.

Әншінің шын сыры тек өзіне мәлім. Бұл жан қалауымен бөліскені ме, әлде әзілдеп жазғаны ма ол жағы әзірге беймәлім.

Естеріңізде болса, осы уақытқа дейін Қайрат Нұртастың депутаттыққа ең жас үміткер атанғаны туралы жазған болатынбыз.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған