Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ерке Есмахан бассейнде әдемі кадр жасауға тырысты, бірақ сүйіктісі түсірілімді бұзды (видео)

91 тобының экс рэпері AZ мен Ерке Есмаханның Түркияда бірге демалып жатқаны белгілі болды, деп жазады Stan.kz.

Маусым айының соңында демалысқа Түркия еліне аттанған Ерке әлеуметтік желіде қызықты саяхаттан сыр шертетін кадрлармен бөлісуде. Алайда әнші алғашқыда демалысқа сүйіктісімен бірге барғанын жасырғысы келген ұқсайды. 

"Түркияға, Стамбулға ғашықпын, бірақ, бұл жаққа көшіп келіп тұра алмайтынымды түсіндім!

Үй де сатып алмаймын! Тек анда-санда сағынғанда қыдыруға келіп тұрамын! Айттым, бітті!" – деп бір жазбасында бөліскен Ерке кешегі күнге дейін тек жеке және ұлымен бірге шыққан сәтті кадрларды жариялап келді.

Алайда Азамат Зенкаевтың күтпеген жерден жасаған әрекеті әншінің ойын өзгертсе керек. Рэпер Еркені суға "лақтырған".

"Музыка болама, музыка", – деп әдемілеп түсіргім келген ғой, онымен жас жастығын жасайды екен деп қойсам. AZ да майысқан видеоларымнан шаршаған сияқты.

Аңырап айқайлаған дауысымнан ұялсам да салып отырмын", – деп бөлісті Есмахан.

 

Талқылау