Еріккен ІТ маманы билбордқа порно қосып қойды
Индонезияда 24 жастағы жігіт компанияның жарнама жүйесіндегі компьютерлік жүйені бұзып, порно шығарып жіберген.

Оқиға өткен аптада болды. Видео Джакарта қаласындағы көше қиылысында көрсетілген. Порноролик 5 минуттай қосылып тұрыпты. Кейін полицейлер оны өшіріп тастады. Оған дейін жүргізушілер порноны видеоға түсіріп, желіге таратып жіберген.
Индонезияда фильм мен телешоуларда секс пен сүйісулерді кесіп алып тастайды. Елде порносайттарға мүлде тыйым салынған.
Джакарта полицейлері 24 жастағы күдіктінің порнография жөніндегі ақпарат пен технология заңдылығын бұзғанын айтады. Мәлімет бойынша, ұсталған азамат ІТ-сарапшы болып қызмет етеді. Оны мекен-жайы бойынша анықтаған.
Күдіктінің өзі жүйені әзіл үшін бұзғанын айтады.
Жіберіп алмаңыз:
Шымкенттік ақсақал елді Құдайға сенбеуге шақырды
Қазақстандық оқушылар жүргізуші куәлігін аттестатпен бірге алатын болады
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады