Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тірі қолтырауынмен ваннаға түскен ер адам жұртты шошытты (видео)

Австралия тұрғыны видео үшін Свомпи атты қолға үйретілген қолтырауынымен бірге ваннаға түскен. Бейнероликте австралиялық жігіт ваннада жатып ән салады. Ал оның кеудесінде қолға үйретілген қолтырауыны жатқан видео YouTube-каналының ViralHog арнасында жарияланды.

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

«Свомпимен шомылғанды жақсы көремін. Ол мені мүлде тістемейді. Біз Австралияда өмір сүргенді жақсы көреміз, мұнда атмосфера өте тамаша»,-деп әндетті қолтырауынмен ваннада жатқан жігіт.

«Мен ваннаға қалыпты австралиялықтар сияқты жануарыммен бірге түстім. Алғашында Свомпи менің бір жерімді тістеп аламекен деп алаңдадым. Бірақ мен нашар ән айтсамда, ол суға түскеніне көңілі толды»,-дейді жігіт.

Айта кетейік, 2017 жылы Австралия тұрғындары сыйлық ретінде қолтырауын сыйлауды әдетке айналдырған.

Жіберіп алмаңыз:

Хайуанаттар бағына әлемдегі ең улы өрмекші өткізілді

Тайвань тұрғындары жаппай дәретхана қағазын сатып алып жатыр

Бір-бірін сүйеді, қайтеміз енді: Сығандар 11 жасар баланы өзінен үлкен қызға үйлендірді (фото)

Әйел есірткіге салынған сыныптасын емдетіп, кәсіпкерге айналдырды

Талқылау