Өзінің жаназасынан кейін үйіне оралған ер азамат туыстарын шошытты
Үндістанның Тамилнад штатының тұрғыны Мурти өз жерлеу рәсімінен кейін үйіне оралған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

55 жастағы күндізгі жұмысшы Мурти Тируппур қаласына қант қамысын жинауға барған. Алайда бірнеше күн бойы туыстарымен байланысқа шықпай хабарсыз қайтып оралмаған. Көп ұзамай оның жақындарының бірі отбасына ер адамның мәйіті аялдама маңынан табылғанын хабарлады. Муртидың ұлы денені әкесі деп таныған.
Полицейлер оқиғаны тіркеп, мәйітті отбасына тапсырды. Жерлеу рәсімінен кейін ертесіне Мурти күтпеген жерден үйіне тірі оралған.
"Ол үйге кіріп келгенде өз көзімізге өзіміз сенбедік. Барлығымыз шошып кеттік", - дейді Муртидің туыстары.
Полицейлер жерленген ер адамның кім екенін анықтау үшін тергеу жұмыстарын бастады.
"Ауруханаға өз аяғымен кіріп, табытпен шықты": Қызылордалық ер адам анасының өліміне дәрігерлерді айыптады
Іс бойынша реаниматолог, нейрохирург, кардиолог және учаскелік дәрігердің әрекеттеріне қатысты күдік бар
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес