Ер адам өлерінен 4 күн бұрын үйленді
Ұлыбританияда 31 жастағы Тони Коуэн 2014 жылы жол апатына түсіп, басын, мойыны, омыртқасынан қатты жарақат алып төсекке таңылып қалады. Сол уақыттан бері ол жасанды тыныс алу аппаратына жалғаулы болды.
Бұл туралы Daily Mail хабарлайды.
Рождество қарсаңында Тони өз еркімен о дүниелік болу туралы шешім қабылдайды. Бірақ, оның алдында ол 10 жыл бойы бірге болған сүйіктісімен некеге тұрды.
“Біз оның өлерінен төрт күн бұрын үйлендік”, – дейді Тонидің 29 жастағы әйелі Карен. Салтанатты рәсім аурухана палатасының ішінде болған.
Кейіннен Тониді аппараттан ажыратқан соң Карен клиника дәрігерлеріне үлкен алғысын білдірген. Ол дәрігерлердің бар қолдан келгенін жасағанын айтты.
Қазақ тілін қорлаған бұрынғы Ресей азаматы 15 күнге қамалды
Отырыс барысында айыпталушы өз кінәсін мойындап, оны қатаң жазаламауды сұраған
Оралдағы инфекциялық ауруханада 13 жасар қыз көз жұмды: Ата-анасы дәрігерлерді кінәлап отыр
Қызы қайтыс болғаннан кейін әкесі барлық тиісті органға арыз жазғанын айтады