Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ер адам 16 жылдық некеден кейін үш қызының әкесі өзге біреу екенін білген

Қытайдың Цзянси елді мекенінде тұратын ер адам он алты жылдық некеден кейін өзге біреудің балаларын бағып келгенін білген. Ол ДНҚ тестін жасатып, содан кейін ажырасуға бел буған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі South China Mornint Post басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Әйелі мен үш қызын асырау үшін 45 жастағы Чэнь үйінен жырақта жұмыс істеп, отбасын сирек көрген. Алғашқыда ол әйелін опасыздық жасайды деп ойламаған. Өйткені екеуі аудио және видео арқылы жиі байланысып отырған. Жыл басында әйелі күйеуінің қоңырауларына жауап беруді сиреткен. Үйден жұмыс істегісі келмейтінін айтқан. Содан кейін Чэнь әйелі Юйдің артынан аңдуға бел буған. 

Телефонның көмегімен Чэнь әйелдің елдің шығысындағы қонақүйлердің бірінде екенін білген. Сонда барып, оны көңілдесімен бірге ұстап алған. Алғашқыда әйелін кешіруге дайын болған Чэнь кейін ДНҚ сараптамасын жасатты. Сөйтіп кенже қыздың әкесі өзге біреу екенін анықтады. Бұған қарамастан, ол отбасын сақтап қалуға ниеттенеді. Алайда үлкен екі баласының да өзгеден екенін білген соң бұл шешімінен айныды.

Шындық анықталған соң, әйел ізім-ғайым жоқ болды. Журналистер оны тауып, сұхбат алды. Әйел өз әрекетін опасыздыққа жатқызбайтынын мәлімдеді. 

"Мен оның көзіне шөп салдым деп есептемеймін. Биологиялық әкесі болу соншалықты маңызды ма? Сәби сүйе алмайтын жұптар бала асырап алады және бұл қалыпты нәрсе ғой", – деген Юй өзімен ажырасқан күйеуінің әрекетін сынға алды. 
 

Талқылау