AAPL
145.64 $
0.46 %
TSLA
677.35 $
4.69 %
NDAQ
186.68 $
0.62 %
GOOGL
2715.55 $
-0.23 %
FB
358.32 $
-4.01 %
FRHC
63.26 $
0.11 %
AAPL
145.64 $
0.46 %
TSLA
677.35 $
4.69 %
NDAQ
186.68 $
0.62 %
GOOGL
2715.55 $
-0.23 %
FB
358.32 $
-4.01 %
FRHC
63.26 $
0.11 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Енді еркек емеспін": Қарағанды базарын шулатқан трансгендердің кім екені анықталды

Қарағандының орталық базарында ұялы телефон сатушылар жынысын өзгерткен трансгендерді базарға кіргізбеуді талап етіп дау шығарған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме беріп.

Ашық киінген трансгендер базар саудагерлерінің ашуын туғызған.

“Кеше ұл ма, қыз ба , енді айту қиын. "Алтын арбаға" келіпті. Мұнда біздің бала-шағымыз жүреді. Қаншама қазақтың балалары, бізге, қазаққа жат қылық. "Алтын арбадан" шығарып жіберуге тырыстық. Жалаңаш жүреді, ашық шашық жүреді, сол үшін”, – дейді Қарағанды қаласының тұрғыны Теңіз Сейіткәрім.

Трансгендерге ашуланғандар аянып қалмаған. Оның жеті атасынан тарта еске алғандар бұл қылығы шектен шыққанын айқайлап тұрып айтты.

Жұдырық ала жүгіруге дайын адамдар көп болған соң, базардағылар полиция шақырған. Ал 23 жастағы Виктория Сорокинаға айналған ер адам базарға құрбыларына келген екен. Бұған дейін осы жерде шешесімен бірге сауда жасапты.

Дегенмен тараптар полиция бөлімінде бір-біріне шағым түсірмей тарасқан. Базар басшылығы Виктория сауда орындарына емін-еркін келе беруіне болады дейді. Қызға айналған жігіт киім бутиктерін аралап, керек-жарағын аламын, ешкімнің сөзіне қарамаймын, дейді.

“Бұл өмірімде алғаш болған жағдай. "Сен еркексің ғой, мына жүрісің не?" - деп атылды. "Енді еркек емеспін" дедім. Оларға іш киімімді шешіп көрсетуім керек пе? Сонымен қатар мен еш жерде жүрмесін деген заң жоқ. Менің жеке құқығымды олай таптамасын”, – дейді Виктория Сорокина.
 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр