Қазақстан елтаңбасы өзгертілмейтін болды
Мәдениет және ақпарат министрлігі елтаңбаны өзгерту мәселесі жақын арада қарастырылмайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: halva.tj
Министрліктің мәліметінше, мәселе күн тәртібінен шығарылды.
15 наурызда Ұлттық құрылтайда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Кеңес дәуірінің белгілеріне" байланысты Қазақстанның елтаңбасын өзгертуді ұсынған еді.
Ол қоғамдық талқылаулар өткізу үшін арнайы комиссия құруды, содан кейін Қазақстанның жаңа мемлекеттік елтаңбасының ең үздік эскизіне ашық конкурс жариялауды ұсынған.
Сәуір айының басында қаржы министрі Мәди Такиев су тасқынына байланысты елтаңбаны өзгерту туралы шешімді кейінге қалдыру керек деген пікір білдірген. Қаржы министрлігі құзырлы органның сауалына берген жауабында биыл Мәдениет министрлігі жаңа елтаңбаны шығаруға қосымша шығын жарияламағанын айтты.
Қазақстан туын балконға ілуге, киімге басуға бола ма? Мемлекеттік рәміздерді қолдану тәртібі қандай
Бұл туралы заңгер жауап берді
"Салт-дәстүрді "біздікі, өзгенікі" деп бөлмейміз": Қазақстандағы өзге ұлт өкілдері неге балаларына тұсаукесер жасайды
Джой: "Кішкентай кезінен бастап осы жермен байланысын сезініп, елдің мәдениеті мен дәстүрін құрметтеп өскенін қаладым"