Еліміздің солтүстігінде де наразылық шаралары басталды
Алматы қаласынан кейін наразы топ Петропавл мен Қостанайда әкімдік алдында жиналды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Петропавл қаласында 50-ге жуық адам қала әкімдігі алдында жиналған. Олар ешқандай талап қоймаған. Алайда полицейлер барлығын тұтқындап әкетті.
Сонымен қатар қаладағы ең үлкен Конституция көшесінде де жиналған адамдар байқалған. Қазір патрульдік полиция кезекшілік етуде.
Қостанай қаласында наразы топ пен құқық қорғау органының қызметкерлері арасында қақтығыс орын алды. Тұрғындар қоршауды бұзып өтпек болған.
Павлодарда әкімдік алаңында наразы топ жиналды. Әзірге қандай талап қойғаны белгісіз. Әкімдік ғимаратын полицейлер күзетуде.
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды
"Ауруханаға өз аяғымен кіріп, табытпен шықты": Қызылордалық ер адам анасының өліміне дәрігерлерді айыптады
Іс бойынша реаниматолог, нейрохирург, кардиолог және учаскелік дәрігердің әрекеттеріне қатысты күдік бар