Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еліміздегі Парламент сайлауының алдын ала нәтижелері жарияланды

Орталық сайлау комиссиясы 2021 жылғы 10 қаңтарда сайлаушылардың дауыс беруге келуінің алдын ала қорытындыларын жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

сайлау

2021 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру күні Ортсайлауком учаскелердің ашылуы және дауыс берудің басталуы туралы күні бойы ақпарат беріп отырды, сондай-ақ әрбір екі сағат сайын ҚР ОСК мүшелері облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың сайлау комиссияларының сайлаушылардың дауыс беруге келуі туралы деректерін ұсынып отырды.

Республика бойынша учаскелерде дауыс беру сағат 20.00-де аяқталды. Республика аумағындағы сағат белдеулерінің шекараларына сәйкес бес өңірде (Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстары) дауыс беру астана уақыты бойынша сағат 21.00-де аяқталды.

Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес 2021 жылғы 10 қаңтардағы астана уақыты бойынша сағат 22.00-дегі жағдай бойынша сайлау бюллетеньдерін тізімдерге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 63,3 % - ы алды.

Олардың ішінде өңірлер бойынша:

Ақмола облысы бойынша – 72,8 %

Ақтөбе облысы бойынша – 58,8 %

Алматы облысы бойынша – 73,5 %
Атырау облысы бойынша – 56,4 %

Батыс Қазақстан облысы бойынша – 62,4 %

Жамбыл облысы бойынша – 72,2 %

Қарағанды облысы бойынша – 70,7 %

Қостанай облысы бойынша – 71,8 %

Қызылорда облысы бойынша – 73,9 %

Маңғыстау облысы бойынша – 55,0 %

Павлодар облысы бойынша – 71,3 %

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 75,5 %

Түркістан облысы бойынша – 65,8 %

Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 72,4 %

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша – 45,1 %

Алматы қаласы бойынша – 30,3 %

Шымкент қаласы бойынша – 56,5 %

Талқылау