Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде жол ережесін бұзғандарға салынатын айыппұл көлемі кемуі мүмкін

Жүргізушілердің жанайқайы ескерілетін болды. Елімізде жаппай наразылықтан кейін жол ережесін бұзғаны үшін салынатын айыппұлдың мөлшерін 30 пайызға дейін кемуі мүмкін, – деп хабарлайды КТК арнасы.

ue2743ee

 

Айыппұлдың тым көптігіне жүргізушілер ғана емес, бұған дейін депутаттар да арызданған. Сондықтан үлкен дау тудырған заңды қайта қарап, кейбір айыппұлдардың мөлшерін азайтуды ұсынған еді. Яғни, күндіз шам жағып жүру, рөлде ұялы телефонмен сөйлесу, қауіпсіздік белдігін тағып жүру, кірқожалақ нөмір секілді ережелерді бұзған үшін салынатын айыппұл көлемін кемітуді айтқан.

Десе де, жаңа заң жобасы әзірге дайындалып жатыр. Жүргізушілерді жарылқауды қолға алған Әділет министрлігі оны келесі жылы мәжілістің қарауына жібермек. Тек, мұндай бастама Ішкі істер министріне ұнап отырған жоқ. Генерал Қасымов айыппұлдың кейбір түрін ғана төмендетуге болатынын айтады.

“Елімізде айыппұлдың мөлшері тым көп емес. Тек, қарсы бетке шығу, жылдамдықты асыру секілді адам өміріне қауіп төндіретін ережелерді бұзғандарға салынатын айыппұл көлемі ғана көп. Оны төмендетудің қажеті жоқ. Ал, қалған баптарды талқыға салып, қайта қарауға болады”, – дейді ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов.


Жіберіп алмаңыз:

Алматыда сәбиін аяусыз сабаған әйел Өзбекстанда жазасын алатын болды

Қайырымды жастар екі бүйрегі істен шыққан Жәнелге 12 млн теңге жинап берді

Нобель сыйлығының иегері 1 миллион долларды қайырымдылыққа жұмсап жіберді

Мүгедек қалпынан аяққа тұрған қыз тұрмысы төмен болса да қайырымдылықпен айналысуда

Талқылау