Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда жаңа Салық кодексі 2026 жылдан бастап іске қосылады

Үкімет отырысында премьер-министрдің орынбасары, ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров жаңа салық кодексі 2025 жылдың 1 шілдесіне дейін қабылданып, 2026 жылдың қаңтарына дейін күшіне енетінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

салық сток

Фото: Pexels.com

Байбазаровтың айтуынша, бұл белсенді түсіндіру жұмыстарын жүргізуге, заңға тәуелді актілерді әзірлеуге және мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйелерін дайындауға мүмкіндік береді.

Жаңа кодекс жобасында қарыздың мөлшеріне байланысты мәжбүрлеу шаралары енгізілуі мүмкін. Одан жоспарлы салықтық тексерулер алып тасталып, 5 миллион теңгеге жуық қарыз болған жағдайда кейінге қалдыру туралы тармақ қосылды.

“Салықтық жеңілдіктердің тиімділігін арттыру үшін жоба тиімсіз салық жеңілдіктерінің бір бөлігін алып тастап, барлық берілген жеңілдікті салық есебінде көрсетуді көздейді. Корпоративтік табыс салығының төмендетілген мөлшерлемесі қарастырылған. Қосылған құны жоғары өнімді экспорттаушылар үшін – 10%”, – деді ұлттық экономика министрі. 

 


Салық кодексіне өзгерістер енгізілді: Декларация тапсырудан кімдер босатылады


Байбазаров жеке табыс салығының сараланған мөлшерлемелерін белгілеу, банк секторында акционерлердің дивидендтеріне қосымша салық салуды енгізу, кәсіпкерлер үшін қолайлы жағдайларды нашарлатпай салық режимдерін оңтайландыру, салықтық әкімшілендіруді толық цифрландыру туралы айтты.

Еске салсақ, Тоқаев жолдауында жаңа салық кодексін қабылдауды кейінге қалдыруды тапсырды.

Талқылау