Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде теле және радиохабар тарату уақытша тоқтатылады

Қазақстанда телерадио желілерінде жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізілуіне байланысты хабар тарату уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

“2021 жылдың 20 қазан айында сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты, яғни жұмыстар жүргізілген кезде Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады”, – делінген хабарламада.

Айта кетсек, "Қазтелерадио" АҚ тоқсан сайын жерсеріктік және эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді. Бұл жұмыстар телерадио хабарларын сапалы таратуды қамтамасыз ету үшін қажет, ал тоқсан сайынғы жоспарлы-профилактикалық жұмыстар сервисті ұзақ уақыт өшіруге мүмкіндік береді, сондықтан осы уақыт ішінде техникалық құралдарды жаңғырту бойынша қосымша жұмыстар да жүзеге асырылады.

Талқылау