Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Елімізде енді жағдайы жақсылар ғана бәс тіге алады": Вице-министр лудоманиямен күрестің жаңа тәсілдерін ұсынды

Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев Қазақстанда лудоманиямен күрестің ерекше тәсілі туралы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

лудоман сток

Мәжіліс отырысында шенеунік букмекерлік кеңселерге енді жағдайы жақсы, табысы көп қазақстандықтар ғана бара алатындай ставканың ең төмен мөлшерін анықтауды ұсынды.

"Шектеу немесе, керісінше, төменгі бәсті бекіту туралы жоспар бар. Бәсті жеткілікті ақшасы бар адамдар тіге алатындай етеміз. Мысалы бес мың теңге – кейбіреулер үшін қомақты қаржы. Сол себепті ақшасы жоқтар тіге алмайды.

Тағы бір ұсыныс – онлайн ресурстарға қатысу уақытын шектеу. Ол аптасына 30 минут қана бәс тігетін сайттарға кіре алады", – деп түсіндірді Еркінбаев.

Журналистер бәс тігуді шектеу шарасы мектеп оқушыларына түскі асқа деп берілген ақшаны онлайн-казиноларға жұмсамау үшін көбірек бағытталған деп болжады.

Бұған дейін Депутат Аманжол Әлтай құмар ойындарға қатаң шектеу енгізуді ұсынды.

Талқылау