Елімізде доллар бағамы 500 теңгеге жетті
Астанада ақша айырбастау пунктерінде доллар бағамы орташа есеппен 500,02 теңгеге, Алматыда 499,28 теңгеге жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: freepik.com
Сағат 11:00-дегі жағдай бойынша, Астанадағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 500 теңгеден сатылып, 495 теңгеге алынып жатыр. Ал Алматыда америкалық валютаны сату 498,77 теңге, сатып алу 496,88 теңге болып тұр.
ҚР Ұлттық банктің 18 қарашадағы ресми бағамы 495,95 теңге деңгейінде белгіленді.

Бұған дейін Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов айырбас бағамының консервативті болжамы бойынша алдағы үш жылда бюджетте доллар бағамы 470 теңге деңгейінде болатынын жеткізген еді.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады