Декларациясын тапсырмаған 68 мың қазақстандықтың шоты бұғатталмақ
Мал-мүлкін көрсетіп, салықшыларға есебін бермегендер енді еркін сауда жасай алмайды. Мемлекеттік кірістер комитеті декларация тапсырмаған 68 мыңнан астам адамның есепшотын бұғаттады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pixabay.com
1 қаңтар мен 16 қыркүйек аралығында декларация тапсыруға 4 миллион 800 мың қазақстандық міндеттелген. Алайда олар тиісті мерзімді ескермеген. Кірісі туралы есеп беретіндердің қатарында кәсіпкерлер де бар. Бірақ декларация тапсырған соң шотты қайтадан ашуға болады.
Салықшылар декларация тапсыру тәртібін түзеген 17 жарым мың адамның шотын қайта ашыпты. Яғни декларация тапсыруға үлгермеген азаматтарға 30 жұмыс күнінің ішінде олқылықтың орнын толтыруға мүмкіндік берілген. Ал оған да мән бермесе, шоты толық жабылады.
Еске салсақ, қазақстандықтар келесі жылы декларация тапсырудан босатылған еді.
Қазақстандық түрмелерде енді сотталғандар отбасымен видеотаксофон арқылы сөйлесе алады
Қазір ел бойынша 18 мекемеде 86 видеотаксофон орнатылды
"Дипломынан айырылғалы отыр": Алматыда әскерге күштеп әкеткен студенттің анасы президенттен араша сұрады
Жанаттың айтуынша, ұлы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің күндізгі бөлімде мемлекеттік грант негізінде білім алып жүрген