Елімізде 2025-2027 жылдары жыл сайын Ұлттық қордан 2 триллион теңге алынбақ
30 қазанда мәжіліс отырысында "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2025-2027 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" Заң жобасы қаралды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаровтың айтуынша, кепілдендірілген трансферттің мөлшері бюджеттік қағидаларға сәйкес анықталған.
“Заң жобасында мұнайдың кесімді бағасы 2025 жылы барреліне 42,3 АҚШ доллары, 2026-2027 жылдары барреліне 41-39,4 АҚШ доллары деңгейінде белгіленген. Осыны ескере отырып, Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферттің мөлшері 2025-2027 жылдарға жыл сайын 2 трлн теңге көлемінде айқындалды”, – деді ол өз баяндамасында.
Аталған кезеңде Ұлттық қордың таза валюталық активтері 2025 жылы 62,2 миллиард доллар, 2026-2027 жылдары 69,9 және 78,7 миллиард доллар болады деп болжанған.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді
Назгүл Тұрысбекованың сөзінше, олар құжаттарын ғана алып, қауіпсіз жерге шығуға мәжбүр болған
Ормуз бұғазының жабылуы, мұнай бағасының өсуі: Таяу Шығыстағы соғыс Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
Қаржыгер Айбар Олжайдың айтуынша, Ормуз бұғазы ұзақ мерзімге жабылмайды