Мөлшерлеме 7%: Елімізде жаңа ипотекалық бағдарлама 1 мамырда басталады
Қазақстанның өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев үкіметтегі брифингте жаңа ипотекалық бағдарламаның 1 мамырдан басталатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото pixabay.com
Министрдің айтуынша, жаңа ипотекалық бағдарлама биыл 1 мамырда басталады.
"Бағдарламаның мақсаты үшін қазір "Отбасы банкі" 300 миллиард теңге тартуда. Бұл – бағдарламаның жалпы мөлшері. Халықтың әлеуметтік осал тобы үшін мөлшерлеме 7% аспайды. 1 мамырда біз бағдарламаның шарттарын толық жариялаймыз", – деді Қанат Шарлапаев.
Сонымен қатар министр қаражат қажетті әрі жеткілікті түрде жұмсалатынын алға тартты.
"Отбасы банкі" осы салада ұзақ уақыт бойы жұмыс істеп келеді және ипотеканы бөлу тұрғысынан өзін жақсы дәлелдеді. Банктің бұл жұмысты дұрыс ұйымдастыруға және біздің азаматтарымыздың өз тұрғын үйіне қол жеткізуге мүмкіндік беретін құзыреті жеткілікті деп санаймын", – деп қосты Қанат Шарлапаев.
“Ішім созылып, әбіржігім келмейді": Қазақстандық қыздар неге бала туудан бас тартып жатыр
Қазақстанда бес жылда туған балалар саны 25 пайызға азайған
Қазақстанда жекеменшік мектептер мен балабақшаларға жаңа салық енгізілді: Қызмет бағасы қымбаттай ма
Заңгердің пікірінше, 2026 жылы енгізілген 5%-дық мөлшерлеме бизнес үшін бейімделу кезеңі саналады