Porsche Taycan мінді: Елена Рыбакина Штутгарттағы беделді турнирде жеңіске жетті
Елена Рыбакина Штутгартта өтіп жатқан WTA 500 турнирінде алғаш рет жеңіске жетті. Ол әлемнің 27-ракеткасы украиналық Марта Костюкті екі сетте 6:2 6:2 есебімен сенімді түрде жеңді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Ktf.kz
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Германияның Штутгард қаласындағы WTA-500 турнирінде жеңіске жетті. Ол финалда украиналық Марта Костюкті 6:2, 6:2 есебімен жеңді.
Ал жартылай финалда әлемнің бірінші ракеткасы, Штутгардтағы турнирді екі рет жеңген Ига Швантектен (Польша) үш сетте басым түскен.
Осылайша Рыбакина турнир жеңімпазы ретінде Porsche Taycan көлігін мінді.
Елена биыл үшінші рет WTA-500 турнирін жеңіп отыр. Қаңтарда Брисбенде (Австралия), ақпанда Абу-Дабидегі (БАӘ) турнирде жеңіске жеткен.
Алматылықтар үй сыртындағы тарихи тақталарды алып тастауға қарсы шықты
Желі қолданушысы: "Ғимараттардың сыртқы келбетін бұзатын кондиционерлер орнатуға, балкондарды әйнектеуге жол бермеу керек еді"
Абай облысында 180 миллиард теңге жұмсалған жол үгітіліп жатыр
Орталық: "Нысандарды пайдалануға беру және учаскелер бойынша қорытынды есептерді дайындау алдында барлық анықталған кемшілік толық жойылған"


