Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Электр станциясындағы апат: Қарағандыда ер адам қайтыс болды

Ер адам Қарағанды облысындағы Мемлекеттік аудандық электр станциясы (ГРЭС-2)-де бу құбырының жарылуы кезінде қаза тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметінде апат Абай ауданында "Каzakhmys Еnergy" ЖШС Топар ГРЭС-2-де болғанын айтты.

"Каzakhmys Еnergy" ЖШС мәліметінше, 1958 жылғы ер адам көз жұмып, үш адам зардап шекті: 1975 жылы туған әйел және 1971 және 1980 жылғы қызметкерлер. Зардап шеккендер 1-2 дәрежелі күйікпен ауруханаға жеткізілді", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

ТЖД бұл оқиға Абай қаласының жылу және электрмен жабдықталуына әсер етпегенін атап өтті. Қазіргі уақытта "Каzakhmys Еnergy" күшімен жөндеу, қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.


Ер адам Теміртау-Қарағанды тас жолындағы апаттан ғажайыппен аман қалды 


Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы  жазатайым оқиғаның мән-жайлары мен себептерін анықтау үшін арнайы тексеру жөніндегі комиссия құрылатынын хабарлады. 

 

Талқылау