AAPL
146.06 $
-1.83 %
TSLA
759.49 $
0.33 %
NDAQ
192.9 $
-1.29 %
GOOGL
2816 $
-1.96 %
FB
364.72 $
-2.24 %
FRHC
61.53 $
1.1 %
AAPL
146.06 $
-1.83 %
TSLA
759.49 $
0.33 %
NDAQ
192.9 $
-1.29 %
GOOGL
2816 $
-1.96 %
FB
364.72 $
-2.24 %
FRHC
61.53 $
1.1 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Елді қырса, кетсін": Меруерт Түсіпбаева жауапсыз шенділерге ашуланды

Меруерт Түсіпбаева Жамбыл облысында болған жарылыстың алдын алмаған жауапсыз шенділерге ашуланды. Ол "қолынан түк келмейтін" қызметкерлерден орын босатуды сұрады, деп жазады Stan.kz.

Әнші соңғы кездері әлеуметтік желіде үнсіз болуының себебін түсіндірді.

"Достарым! Көптен фото, жазба қалдырмадым… Кешірім сұраймын. Таразда болған қасіреттен кейін, "пир во время чумы" деп орыстар айтпақшы, халқым қан жылап, бейбіт заманда жақындарынан айырылып жатқанда, өйтіп жатырмын, бүйтіп жатырмын деп, жылтылдап, мәнсіз жырқылдақты салғым келмеді.


Баян Алагөзова: Мен үшін бақытты күн болды, жарылысқа менің не қатысым бар?


Мен не айта аламын?! Аллах тауфих берсінші, үстіндегілерге! Ұйықтамай, халықтың сенімін ақтап, жауапкершілікпен атқарсын қызметтерін! Қолдарынан түк келмей, елді қырса, кетсін! Есік ашық! “Үкібайсыз“ да ел болғанбыз! Елге жаны ашитын, талантты адамдарға берсін тізгінді. Енді осындай қасірет түспесе екен басымызға. Ел аман, жұрт тыныш болса екен", – деп жазба қалдырды ол.

Оқырмандар әншіге көрсеткен қолдауы үшін алғыс білдірді.

"Халқым деп соққан жүрегің ұзағынан соқсын, жанашыр, біртуар адамдардың қатарындасың, дұрыс айтасың, кейбіреулер санасыз құсап, қайғылы жағдай болып жатса жыртыңдап телефоннан түспей өзекті өртейді, атсалысып ылғи пост жазып ортақтасып жүрген ниетің түзу болсын Меру", "Өте дұрыс айттыңыз. Шынымен де, кешегі қайғылы жағдайда, инстаға ананы мынаны салып отырмағаныңыз дұрыс бопты. Елмен бірге болатын сіз сияқты жандар аман болсын", – деп жазды олар.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр