Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Экспорттың заманауи жолдарын кеңінен пайдалану қажет – Қасым-Жомарт Тоқаев

Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстандағы сапарындағы баяндамасында экспорттың қолданыстағы тәсілдерімен қатар, заманауи бағытын да қолдануды ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан президенті әлемде індет салдарынан болған шектеулердің арқасында электронды коммерцияны дамтыудың маңыздылығы айқындалғанын жеткізді.

“Орталық Азия елдерінің бәсекеге қабілетті позициясын ескере отырып, Қазақстан алдағы онлайн көрмелерде өнімдерді бірлесіп жылжытуды ұйымдастыруды ұсынады. Мысалы, Alibaba сайтындағы соңғы көрмеде бір ғана Ресей 50 000-нан астам тауарын ұсынған.



Биыл Қазақстан Alibaba платформасында Ұлттық павильон ашқан 18-ші ел болды. Павильон 2022 жылдың 24 маусымында ашылып,  платформада барлығы 7500 қазақстандық тауар, 130-ға жуық компания ұсынылды. 2020 жылдан бері жиынтық сатылымдар 167 миллион долларды құрады”,- деді президент Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент мұның толық қанағаттандыратын мәселе емес екенін және елде резервтер бар екенін қоса кетті.

 

Талқылау