Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Экология вице-министрі мен "Оператор РОП" басшысы ұсталды

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов пен "ӨКМ Операторы" ЖШС басқарма төрағасы Медет Құмарғалиевтың ұсталғанын растады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Олар сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікке ілінді. Екеуі де Нұр-Сұлтан қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деді агенттіктен.

БАҚ-тың хабарлауынша, Пірімқұлов пен Құмарғалиев елден қашып кетуге тырысқан.

Пірімқұлов 2019 жылдың шілдесінен бастап вице-министрдің міндетін атқарған. Ол қоқысты утилизациялауға жауапты болды. 

Құмарғалиев 2019 жылдың қараша айында "ӨКМ Операторы" жеке компаниясының басқарма төрағасы болды.

Естеріңізге сала кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке утилизациялық алым ставкасын қайта қарауды және "Оператор "РОП-тың" қызметін тоқтатуды тапсырды.

Қазақстан үкіметі "ӨКМ Операторы" ЖШС-ның қызметін тоқтату туралы қаулы қабылдады. Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелерін әкімшілендіру функциясын "Жасыл даму" АҚ орындайды. 

Талқылау