Міне ғажап: Екібасты тасбақа табылды
Табиғатты қорғаушылар Мабул аралынанда жаңа пайда болған екібасты тасбақаны тапты деп хабарлайды, Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ғалымдар ғылыми орталықта туған 13 мың тасбақаның ішінен екібастыны алғаш кездестіргендерін айтады. Теңіз биологы Дэвид Макканн тасбақаның екі басының да сезім мүшелерінің дамығанын айтады.
«Бұл бір таңғажайып жаратылыс. Оң және сол жақтағы бастар өздігінен қызмет атқарады. Жүзгенде де екеуі кезектесіп отырады», – дейді ол.
Мұндайды жануарлар әлемінде дицефал деп атайды. Бір денеден шыққан екібасты егіздер табиғатты өте сирек кездесетін құбылыс.
Жаратылысы ерекше мұндай тасбақаның күтімсіз өмір сүруі қиын. Биологтар тасбақаның бір басы терең тыныс ала алмайтынын байқады. Қазір екібасты тасбақаны арнайы кішігірім ыдыста ұстауда. Ал тасбақаның қалған балалары Мабулдағы орталықта қалады.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар