AAPL
146.06 $
-1.83 %
TSLA
759.49 $
0.33 %
NDAQ
192.9 $
-1.29 %
GOOGL
2816 $
-1.96 %
FB
364.72 $
-2.24 %
FRHC
61.53 $
1.1 %
AAPL
146.06 $
-1.83 %
TSLA
759.49 $
0.33 %
NDAQ
192.9 $
-1.29 %
GOOGL
2816 $
-1.96 %
FB
364.72 $
-2.24 %
FRHC
61.53 $
1.1 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Екі жасар ұлыма тоғыз бөлмелі үй салып жатырмын": Ақын Нұрмұхаммед Әбілқасымов шығармашылығы мен жеке өмірі туралы айтып берді

Танымал ақын, бірнеше жинақтың авторы, "Шабыт" фестивалінің лауреаты Нұрмұхаммед Әбілқасымовты Қызылорда облысының халқы ғана емес, бүкіл қазақ таниды десек артық айтқандық емес. Мүмкіндігі шектеулі болғанына қарамастан, өнер иесі жыр шумақтарын аузына қаламды салып, телефон құралы арқылы жазады. Осы уақытқа дейін Нұрмұхаммед ақынның екі кітабы жарық көрген болатын. Қазір үшінші жинағын әзірлеп жатыр. Ең бастысы, талантты тұлға бақытты отбасының отағасы болып отыр. Екі егіздің асқар тау әкесі. Өзінің шығармашылық жаңалықтары мен жеке өміріндегі өзгерістері туралы атпал азамат Stan.kz тілшісіне айтып берген еді.

Нұрмұхаммед ақын Қызылорда облысы Сырдария ауданына қарасты Шіркейлі ауылында тұрады. Қара шаңырақтан өнер иесіне сәлем беріп, құрмет көрсетуге келетіндердің қарасы ешқашан үзілген емес. Ақынның ата-анасы мен жақындары да қонақтарға қашанда разы. Талантын жоғары бағалайтын жандардың қатарында республикаға танымал тұлғалар да жетерлік.

"Нұрмұхаммед – табиғатынан тума талант. Өлеңдерінің тақырыбы да сан алуан. Мүгедек болғанына қарамастан, шығармашылықпен айналысуын доғарған емес. Аузына қаламын салып жазуға машықтанып алған. Ең бастысы, тағдырдың жазғанына мойыған, көңілі құлаған адам емес. Жүрегі жұмсақ, өмірдің әрбір жақсылығына қуана біледі", – дейді ақынның әкесі Қанатбек Әбілқасымов.

2015 жылы ақын Нұрмұхаммед өзінен 19 жас кіші бойжеткенге үйленіп, шаңырақ көтерген еді. Бұл жағдай қоғамның назарын аударғаны жасырын емес. Көпшілік сан түрлі пікір білдірген еді. Бірі жас жұбайлардың арасындағы махаббатқа сенбесе, енді бірі талант иесіне шынайы бақыт тілеген болатын. Міне, сол кезден бері арада алты жыл уақыт өтті. Бүгінде ерлі-зайыптының егіз бір ұлы мен бір қызы бар. Жас жанұя ауылдағы үлгілі отбасылардың бірі болып отыр.



"Мен отбасын құруды армандаған едім. Балаларымның болғанын қаладым. Келіншегімнің есімі – Айгерім. Екеуміз спорттық шаралардың бірінде танысқан едік. Ол өте иманды әрі ибалы жан. Үнемі қасымда жүреді, көңілімді таба алады. Маған деген сезімінің шынайы екеніне сенемін. Арбада отырсам да жарыма масыл болмауға тырысамын. Ол менің жанымды жақсы түсінеді", – дейді танымал ақын.

Айгерім осыдан екі жыл бұрын дүниеге егіз әкеліп, үлкен әулетті қуанышқа бөледі. Ақынның жақындары келіншектің жасанды ұрықтандыру әдісіне жүгінгенін жасырмайды. Алайда көптен күткен балаларды дүниеге әкелу оңай болмаған екен. Қуанышты жаңалықты алматылық дәрігерлер жеткізген. Ұлдың есімі – Қалқаман болса, қызға танымал әншінің құрметіне орай Қарақат есімі берілген. Қазір бүлдіршіндер ауылдағы балабақшаға барып жүр. Ақын бала тәрбиесіне көп көңіл бөлетінін айтады.

"Ұлым әкеме ұқсаса, қызым анама тартқан. Мінездері мен қылықтары да ұқсайды. Бүлдіршіндеріме жақсы әке болғым келеді, сол себепті олармен көп уақыт өткізуге тырысамын. Ата-анам да өсиеттерін айтып, еркелетіп отырады. Ең бастысы, менің ізімді жалғастыратын, атымды өшірмейтін ұрпағым бар. Балаларымның болашағына үлкен үміт артамын", – деп ағынан жарылды қызылордалық азамат.

Нұрмұхаммед ақын бос уақытында мал шаруашылығымен айналысқанды ұнатады. Әсіресе жылқы малы десе ішкен асын жерге қоюға дайын. Қыс мезгілінде ағайындардың көмегімен жылқы сатып алып, аттың бабын жасаумен айналысады.

Қазір ақынның отбасы әулеттің қара шаңырағында тұрып жатыр. Бұл үйде Айгерімнен бөлек тағы бір келін бар. Ақынның анасы келіндеріне тәрбие беріп, тату-тәтті өмір сүруге баулып келеді. Есесіне қос абысын келген қонақтың бабын тауып, үлкендердің алғысына бөленіп жүр. Дегенмен, алдағы күз мезгілінде Нұрмұхаммед ақын еншісін алып, бөлек шығуды жоспарлап отыр. Бүгінде жаңа баспананың құрылысы аяқталуға жақын.

"Қалқаманға арнап 9 бөлмелі үй салып жатырмыз. Болашақта ұлым сол шаңырақтың отын өшірмейтініне сенемін. Өзіміз кішігірім мемлекет ретінде, бөлек тұрамыз деп шештік. Әке-шешеммен бір ауылда тұратын боламыз, үйіміз бір-бірінен алыс емес. Баспана мықты болу үшін құрылыс жұмыстарына көп көңіл бөліп жатырмыз. Келешекте үйімізде балалардың күлкісі естілгенін қалаймыз", – деді өнер иесі.

Осыдан бірнеше жыл бұрын, облыстың экс-әкімі Қырымбек Көшербаев ақынға құрмет көрсетіп, екі бөлмелі пәтердің кілтін табыстаған болатын. Қала орталығында орналасқан баспананы Нұрмұхаммед аға қызы Қарақатқа сыйлауды жоспарлап отыр.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр