Екі құрбы су перісіндей құйрық жасатып акулалармен бірге жүзіп жүр (фото)
Екі құрбы Уолт Диснейдің «Су перісі» мульфильмін бала кезінен қызыға көргендіктен өздері де Ариэль секілді ханшайым болғылары келген. – деп жазады Daily Mail.

Қазір су перісі ретінде танылған Джесс пен Амелия жергілікті жағажайлар мен бассейндерде жүзіп жүр. Салмағы 15 келі болатын силиконды құйрықтың бағасы 2 мың долларға шыққан.

Екі құрбы түрлі суреттері мен видеоларын желіге жариялап, мыңдаған қолданушыларын таң қалдырып отырады. Оған әр елдің қолданушылары жазылған.

Құрбы қыздар Австралиядағы өнер және сурет университетінде 2008 жылы танысқан. Олар көзқарастары бірдей болғандықтан, шығармашылықта да, көркем жұмыстар атқаруда да бірлесіп жұмыс істейді.








Үндістанда су перісі синдромына шалдыққан сәби дүниеге келді (фото)
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады