"Екі аптада 18 қария көз жұмған": Баян Алагөзова қарттар үйіндегі сұмдық жайтты баяндады

Баян Алагөзова Орал қаласындағы қарттардың жай-күйін баяндады. Қарттар үйінде 18 адамның қайтыс болғанын атап, оған не себеп болғанын жазды. Жергілікті билікке үндеу жолдады.

Баян Алагөзова

Баян Алагөзова өзі туған Орал қаласындағы қарттардың жанайқайын жеткізді. Қарттар үйінде 18 қарияның қайтыс болғанын атады. 

"Суретте менің туған қалам Орал әкімдігі. Жергілікті билік пен қоғам назарын аударғым келеді. Екі апта ішінде қарттар үйінде 18 адам көз жұмған. Мұндағы басшылық мұны күннің ыстығынан деп ақталып отыр. Сонда желдеткіш жоқ па? Бұл 21 ғасыр емес пе? Барлық жерде ұрлықтың бары мені таңғалдырмайды. Олар үшін қарттар да кедергі болмайды", - деп жазды парақшасында.

Продюсер қалалық прокуратураға үндеу жолдады. Қала басшылығы мен қоғам назарын осы жайтқа аударуға тырысты. 


Тұрсын Алагөзов: Жан Байжанбаев Баян Алагөзованің талғамындағы адам емес (видео)


"Мұның бәріне коронавирус себеп. Бұны жақында жұмысымнан қуылған дәрігер жартылай растап отыр. Бұл қылмыс, қарттарға жасалған қылмысты қалалық прокуратура тексерсін. Кінәлілер тиісті жазасын алсын. Облыс орталығында осындай жағдай болып жатыр. Кішігірім ауылдар мен ауданда не болып жатқанын елестету қиын", - деді продюсер. 

Продюсердің сөзін желідегі қолданушылары да қостай жөнелді. 

"БҚО-ға тілі жоқ, тамағы бітік әкім келді. Жаңа әкім тек шабармандарын ауыстырумен отыр. Әлі күнге қалада ауыз су тоқтап тұр, індет өршіп тұр, дәріханаларда дәрі жоқ, болса қымбат. Оны қадағалап отырған әкім жоқ. Жұмысы орынбасарларды ауыстырумен айналысып отыр, халықпен шаруасы жоқ күнде кісі өлімі өсіп жатыр, айналада өрт қаптаған", "Орал қазір бұрынғыдай емес, әбден ластанған", "Халыққа қиын, қарапайым дәрігер жоқ, фельдшелер ғана қызмет көрсетеді", "Судың өзі краннан қоп-қоңыр болып ағады, лас су ішеміз", - деп жазды олар. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр