Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Екатеринбургте қазақстандық қызды зорлаған полицейлер ақталып шықты

Екатеринбургтің Ленин аудандық соты қазақстандық қызды зорлағаны үшін сотталған бұрынғы үш полиция қызметкерін ақтап шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “РБК” басылымына сілтеме жасап. 

Бұл туралы соттың баспасөз қызметі хабарлады.

 "А.С. Бессарабов, В.К. Мустафин, В.А.Тропинді тану туралы қылмыстық іс бойынша ақтау үкімі шығарылды. Баптың 2-бөлігінің "а" тармағында көзделген қылмыстарды жасады деген айып тағылған. Әрекеттерде қылмыс құрамының болмауына байланысты “Топтық зорлау” және “Бір топ адам жасаған сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық” бабы бойынша тағылған айып алынып тасталды", – делінген хабарламада.

Соттың баспасөз қызметі бұрын тағайындалған үкімнің неліктен заңды күшіне енбегенін түсіндірді.

Бұрынғы үш полиция қызметкері – Вадим Мұстафин, Вячеслав Тропин және Андрей Бессарабовқа 2019 жылы тамызда 1997 жылы туған қазақстандық қызды топтасып зорлады деген айып тағылды.

Свердлов облысы бойынша тергеу комитетінің мәліметінше, қызды 18 тамызға қараған түні Чайковский көшесіндегі ғимараттың алдында тұрған патрульдік көлікте зорлаған.  Бұрынғы полицейлер қызды ұстап алып, оған күш қолданамыз деп қорқытқан. Қыз – Қазақстанның тумасы. Полицейлер оны саунадан шығып бара жатқан жерінен ұстаған.

Кейін күдіктілер қамауға алынып, 2020 жылдың шілдесінде үшеуі де жалпы режимдегі түзеу колониясында бас бостандығынан айырылды.  

Адвокат Алексей Бушмаковтың айтуынша, Мұстафин алты жарым жылға, Тропин мен Бессарабов алты жылға сотталған. Адвокат Бессарабовтың зорлық-зомбылыққа қатыспағанын, ол тек ұйымдастырып, процесті бақылап отырғанын айтты. Алайда желтоқсан айында Свердлов облыстық соты бұл шешімді бұзып, істі басқа құрамдағы жаңа сот талқылауына аудандық сотқа қайтарған.

2019 жылдың қыркүйек айында болған оқиғаға байланысты 17 лауазымды тұлға қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды.  Айыпталған үш полиция қызметкері, сондай-ақ олардың үш басшысы жұмыстан босатылды. Тағы 3 қызметкердің лауазымы төмендетілді, 8 қызметкер қызметтік талаптарды толық орындамағаны туралы ескерту алды (Ішкі істер министрлігі жүйесіндегі қатаң шара, тек жұмыстан босату), сонымен қатар ІІМ облыстық штабының үш басшысы жазаланды.

Талқылау