Егіз апалы-сіңлілер бір күнде тұрмыс құрып, бір күнде босанды
АҚШ-тың Вирджиния штатында тұратын егіздер бір уақытта тұрмыс құрып, екі сағаттық айырмашылықпен бір күнде балалы болды. Бұл туралы Daily Star хабарлайды.
34 жастағы Рэйчел мен Ким Сондерс болашақ күйеулерімен 2017 жылы егіздерге арналған фестивальде танысқан. Танысқаннан кейін алты ай өткен соң, егіз жұп құда түсіп, 2018 жылы төрт адамға бір үйлену тойын өткізді.
2020 жылдың тамыз айында апалы-сіңлілі Сондерс жүкті екендерін білді. Тоғыз айдан кейін әйелдер бір перзентханаға босануға барды. Олар толғақ арасында карта ойнағандарын айтты.
Нәтижесінде егіз апалы-сіңлілер бір күнде екі сағат айырмашылықпен ұлдарын дүниеге әкелді. Қазір нәрестелер көп уақытын бірге өткізеді.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”