Соңғы жаңалықтар

Дулат Ағаділдің өліміне қатысты тексерістің нәтижелері жарияланды

Нұр-Сұлтан прокуратурасы Дулат Ағаділдің өліміне қатысты тергеудің нәтижесін жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Дулат

Қазіргі таңда қоғам белсендісінің өліміне қатысты тергеу амалдары аяқталыпты. 

"Ағаділ күдікті деп танылған болатын. Ол сыртқа шықпау туралы қолхат жазып беріп, құқық қорғау органдарының қызметкерлерінен жалтарылған, сол себепті Ағаділге іздеу салынды. Осыған байланысты сот оны қамау туралы үкім шығарған еді. Полиция қызметкерлері заң аясында тұтқындау амалдарын іске асырды. Сот шешімі орындалды. Жоғарғы дәрежелі кардиолог пен сот-сараптамалық шараларды атқарушы кәсіби мамандар өлімнің себептерін мұқият саралап шықты. Бұған қоса тексеріс комиссиясының құрамында марқұмның жақындары да болды", - делінген ресми хабарламада. 

Прокуратура Ағаділдің қазасына себеп болған жағдайды атады. 

"Ағаділ ауыр миокард талмасының салдарынан көз жұмған. Оның жүрегінде коронарлы артерия мен артериолдың қызметі нашарлағандықтан жүрек қарыншасында тромбтар түзіліп, қан айналымы бұзылған. Сарапшылар Ағаділдің денесінде зорлық-зомбылықтың іздерін таппады", - деп қосты прокуратура өкілдері. 

Қылмыстық заңбұзушылық тіркелмегендіктен іс 25 мамыр күні тоқтатылыпты. 

Еске салайық, бұған дейін қоғам белсендісі абақтыда көз жұмғаны жайлы айтылған еді. Оның өліміне қатысты тексеріс амалдары басталған болатын. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр