"Дудар-ай" әнін орындаған Тәуекел Мүсілім елді таңғалдырды (видео)
Тәуекел Мүсілім фанаттарын әншілік қабілетімен таңғалдырды. Ол әйгілі "Дудар-ай" әнін орындап, тіпті клип түсірді, деп хабарлайды Stan.kz.
Тәуекел "Дудар-ай" әнін актриса Мария Петлюхпен бірге орындап шыққан. Қос өнер иесі "Дудар-ай және Маша" кинокартинасында басты рөлді сомдаған.
Романтикалық комедия 15 желтоқсан күні, Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында жарыққа шығады деп күтілуде.
Кинокартинаға "Дудар-ай" әнінің шығу тарихы негіз болған. Мария деген орыс қызы мен Дүйсен атты қазақ жігітінің махаббат хикаясы бүгінгі күнде көрсетілген.
Фильмнің режиссері – Дамир Тастамбеков болса, сценарий авторы – Данияр Күмісбаев. Фильмде Тәуекел мен Мариядан бөлек, Алексей Воробьев, Ольга Ландина, Сергей Уфимцев, Бақытжан Әлпейісов және т.б. актерлар бой көрсеткен.
Қазақстанда хиджабқа бола мектепті лицензиядан айыру дұрыс па: Заңгерлер не дейді?
Оқу-ағартуға қатысты ҚМДБ-ның өшірілген жазбасы
"Шөптің арасына көміп кеткен": Күйеуінен таяқ жеген әйелді құтқарып, қаза болған полицейдің жары оқиғаны айтып берді
Күдікті өз гаражында оны айуандықпен, азаптап өлтіріп, орап, үстіне шөпті үйіп тастаған