9 мамырда Алматыда өткен шерудегі Сталин мен Берияның портреті қазақстандықтардың наразылығын тудырды
9 мамырда Алматыда Жеңіс күніне орай "Батырларға тағзым" деген атпен шеру өтті. Сол шеруде кейбіреулер Иосиф Сталин мен Лаврентий Берияның портретін ұстап келген. Белгілі қоғам қайраткері Мұрат Әбенов шараға рұқсат берген Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты сынады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Досаевтың идеологиялық айласы. Тоқаев мұндай әкімдермен "Жаңа Қазақстанды" қалай құрмақшы? Қасіретті қаңтарда Қазақстанның 220 азаматы қаза тапқан қалада қала басшылығы Сталин мен Берияның портреттерін алып шығуға рұқсат берген. Азаматтардың мұңын сезбеген әкім оларды басқаруға лайық емес", – деп жазған Әбенов Facebook-тегі парақшасында.
- "Күйеуі қорғаныс министрлігінде істейді": Депутат "Сендерді Путинге айтамын" деп сес көрсеткен әйел туралы айтты
- Ресейдегі парад: Путин Украина жеріне басып кірудің "жалғыз дұрыс шешім болғанын" айтты
Қоғам белсендісінің пікірін саясаттанушы Мұхтар Тайжан да қолдаған. "Толық келісемін, бұл – мәңгүрттік" – деген Тайжан.
Жазба астындағы желі қолданушыларының пікірлері де әртүрлі. "Досаев сөзсіз кетуі қажет", Бұл адамдар қазақтар ма? Олар өздерінің тарихтарын біледі ме?!", “Сөз жоқ, ұят" деп жазған олар.
Астанада 68 жастағы қарияны металл іздегіштен өтерде шалбарын шешкені үшін жазаға тартты
Қазақстандықтар қарияны жақтап полицияның әрекетіне наразылық білдірді
"Алып қашып кетпек болған": Алматыдағы гүл сататын дүкен қыздың жеке дерегін біреулерге беріп жіберген
Белгілі болғандай, бұл жігіт бұған дейін де мазалап жүрген