AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Досаевқа қатысы бар ұйым салықтық жеңілдіктерге ие болған: Мұхтар Тайжан олигархтарды билікке араластырудың дұрыс еместігін айтты

Қоғам қайраткері, саясаткер Мұхтар Тайжан Алматыға жаңа тағайындалған әкім Ерболат Досаев жайлы ойын айтты. Оның пікірінше, бизнес саласына кеткен адамдарды саясатқа араластыру дұрыс емес. 

Тайжан 2017 жылы Тау-кен металлургия кешені бірлестігінің жетекшісі Николай Радостовецтың бастамасын мысалға келтірді. Радостовец сол жылы әлдебір кәсіпорынды салықтан бес жыл бойы босатуды сұраған. 

“Оның сөзінше, қалайы өндіретін бұл кәсіпорынды бес жылға салықтан босату қажет. Себебі бұған дейін біздің мемлекетте Сырымбет кен орны 20 жыл бойы өңделмеген. Оған қоса Ресейде де мұндай кәсіпорынға салықтық жеңілдіктер берілген. Айтып отырған жеңілдіктің сомасы 40 млрд теңгеге жетеді. Бұл мемлекет үшін қыруар қаржы. Мен сияқты бірнеше адам бұған қарсы болдық. Дегенмен соңғы шешімді премьер-министр шығаруы керек еді”, –деп жазды Тайжан. 

Айтуынша, бірқатар қарсылыққа тап болғанымен бірлестіктің бұл бастамасы мемлекет тарапынан мақұлданып, “Tin One Mining” АҚ бірнеше миллиард теңгеге жететін салықтан босатылған. Өз кезегінде бұл "Lancaster Group Kazakhstan" холдингінің еншілес компаниясы болып шыққан. 



“Ең қызығы, бұл мәселелердің барлығына сол кездегі премьер-министрдің еліміздің экономикасы мен қаржы секторын қадағалайтын орынбасары Ерболат Досаев жауапты болған. Ал Досаев мырза "Lancaster Group Kazakhstan-ның” иелерінің бірі. Әрине, оның қалайы өндірісімен айналысатын ұйымның жеңілдікке ие болуына еш қатысы жоқ дегенге ешкім сенбейді. Ал енді міне, мемлекет жыртыққа жамау іздеп отыр”,  – дейді қоғам қайраткері. 

Осы орайда Тайжан мемлекеттің саясатына неліктен кәсіпкерлерді араластыруға болмайтынын айтты. 

“Міне, осы себепті мен олигархтардың мемлекет істеріне араласуына үзілді-кесілді қарсымын. Олигарх қандай жағдай болмасын, алдыңғы кезекте өзінің пайдасын ойлайды”, – деп қорытындылады ол.

Айта кетсек, бұған дейін Ерболат Досаев Алматы қаласының әкімі болып тағайындалған еді. Ол әкім болмай тұрып ҚР Ұлттық банкін басқарған. Досаевтың қала басшысы болғаны кейбір алматылықтарға жақпады. Осыған орай тұрғындар жаңа әкімге қарсы петиция жариялап, қол жинауды бастап кеткен. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр