Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Дос-Мұқасан» ансамбілінің мүшесі қайтыс болды

Қазақстандық эстрадалық вокальді аспаптар ансамблі "Дос-Мұқасанның" мүшесі Хамит Санбаев қайтыс болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Кеше әкімізді жоғалттық. Бұрыннан бүйрегі ауыратын, инсульттан көз жұмды",- деді марқұмның ұлы Жанат Санбаев. Хамит Санбаев 78 жасына қараған шағында дүниеден озды.

Дос-Мұқасан тобы 1967 жылы Қазақ политехнологиялық иниститутының, қазіргі Қазақ мемлекеттік ұлттық техникалық университеті жанынан құрылған.

Хамит Санбаев  1967-1972 жылдары топтың құрамында өнер көрсеткен, саксафонда ойнаған.

Естеліктерінің бірінде, сол жылдары Алматы политехникалық институт факультеттің комсомол ұйымының хатшысы - жеміс-көкөніс базасына қол жеткізуді ұйымдастырып отырғанын, саксафонда ойнағанын айтқан.

Топтың негізін қалаушы Досым Сүлеев отандық БАҚ-тардың біріне берген сұхбатында "Студенттерде, әрине, қажетті инструменттерге ақша болған жоқ. Хамит Санбаев біз оқыған Автоматика және есептеу техникасы факультетінің комсомол бюросының төрағасы болатын. Ол барлық студенттерді картоп қазуға апаратын. Сөйтіп, осыдан жиналған қаражатпен құрал сатып алды. Бұл факультеттің құралдары болды", - деп топтың алғашқы құрылған кездерін еске алды.

Айта кетейік, топ атауы мүшелердің есімдерінің алғашқы буындарынан құралған - Досым, Мұрат, Камит (олар Хамит деп атайды) және Сани. «Дос Мұқасан» атауын венгриялық құрылыс тобының қолбасшысы Янош Картош ұсынған.

Stan.kz ақпарат агенттігі Хамит Санбаевтың отбасына қайғыра көңіл айтады.

Талқылау