Дональд Трамп мұсылмандарды АҚШ-қа кіргізбеу туралы ойын іске асырмақшы
Дональд Трамп Республикалық партия атынан президенттікке үміткерлер ішіндегі лидері. Оның айтуынша, жеңіске жеткен жағдайда барлық мұсылмандарды АҚШ-қа кіргізуге тыйым салады.
Сурет: Associated Press
Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.
Америка миллиардері Дональд Трамп бейсенбі күні АҚШ-қа барлық мұсылмандарды кіргізбеу туралы айтқан ойын растады.
«Саяси мәселелер шешімін табатын уақыт жетті. Бізде радикалды исламға қатысты мәселелер орын алып жатыр», – деді ол сайлауалды телесайысқа кірер алдында.
Кәсіпкер бұл бастаманың мұсылмандар да арасында қолдауға ие болғанын айтады.
«Менің мұсылман жолдастарым көп. Барлығы болмаса да, біразы менің бұл пікірімді қолдайтындарын айтты», – дейді ол.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды
