Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дінге бет бұрған Жігер Ауыпбаев “Меломен” тобынан кетті

Мекке Медина қаласына қажылыққа кеткен Жігер Ауыпбаев шығармашылықтан кетпек.

image-16-768x512

Фото:  Stan.kz

Бұл туралы 31 арнаның “Жұлдыздар жарқырайды” бағдарламасында айтылды.

“Меломен” тобына Баянның танымалдылығына жету алыс шығар. Алайда, топтың өнеріне бас иетін фанаттары да жоқ емес. Тыңдаушыларының көбі оларды соңғы уақытта не концерттен, не тойдан көре алмапты. Тіпті, кейбірі ол топ мүлдем тарап кетті ме деп те топшылаған-ды. Тек топтағы бойы ұзын, өзіндік дауысымен ерекшеленетін Жігер Ауытпаев топтан кетіп жақтан көрінеді.

“Оның кетемін дегеніне 4 ай болды. Оның кетпеуіне ат салыстық”, – дейді “Меломен” тобы. 8 жыл бойы топтың ыстығына бірге күйіп, суығына бірге тоңған Жігердің ешқандай себепсіз қолын бір сілтегені  өзге жігіттердің ашуын туғызады екен.

“Еңбекті құрдан-құр тастап кететін ешқандай себеп көріп тұрған жоқпыз”, – дейді “Меломен” тобы. Ал, көпшіліктің пікірінше топтан кеткен әнші бүгінде дінге бет бұрып, Мекке Мәдинада кіші қажылығын өтеуде екен. Ал, аз уақыттың ішінде қыздардың жүрегін баураған “Меломен” тобы болса, бір орында тоқтамай әрі қарай жұмыстарын жалғастыруды көздеп отыр.


Жіберіп алмаңыз:

Мәдина Сәдуақасова тыңдармандарының көңілін біржола қалдырды

БАҚ: Димаш I am a Singer жобасының үшінші кезеңінде үшінші орын алды

Меруерт пен Жадоның бесінші соты немен аяқталды?

Баян Есентаеваның көзі қалпына келе бастады (фото)

Талқылау