Димаш Қытайдағы көктем гала-концертінде өнер көрсетпек
Димаш Құдайберген Қытайдағы көктем гала-концертінде өнер көрсетпек. Аталған концерт орталық телеарнадан тікелей эфир арқылы дәл бүгін, Қытай Жаңа жылы қарсаңында көрсетілмек. Қазақ әншісі қытайлық қос әріптесімен бірге ән шырқамақ. Олар – Юань Явэй мен Лам Сяо.
Бұл туралы 31 арна хабарлады.
Димаш бұл әріптестерімен былтыр I am a singer байқауында танысқан. Димаш олар үшін жат елдің баласы болса да, қытайлық тыңдармандар оны қатты жақсы көріп қалды. Ал бүгін өтетін концертте Димаш қытай тілінде ән шырқамақ. Жаңа әнді Юань Явейдің өзі жазған.
Мемлекеттік телеарнаға берген сұхбатында Димаш Қытайды екінші үйі санайтынын атап өтті. Ол қытай халқына ризашылық ретінде аталған әнді орындамақ.
Еске сала кетейік, Димаш Қытайда екінші мәрте жыл әншісі атанған болатын.
“Өте бақыттымын, оны сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Бір сахнада нағыз кәсіби мамандармен, ұлы тұлғалармен бірге өнер көрсетемін. Осы сәтті пайдалана отырып, баршаларыңызды Жаңа жылмен құттықтағым келеді”, – деп жүрекжарды лебізін білдірді Димаш.
Жіберіп алмаңыз:
Жазира Байырбекова сазгер ағасына су жаңа көлік мінгізді
Димаш жалған әншілердің масқарасын шығарды: Түріктер Димаш жайлы не дейді
22 жылдан бері сахнада жүрген Мәдина Сәдуақасова алғаш рет ән сапарға аттанбақ
Намысыма тиді: КешYou әншісі Ақбота мен Жұлдыздың тағдырын қайталаудан қорқып жүр