Димаш Құдайберген атасын ақтық сапарға шығарып салды
15 маусым күні Астана қаласындағы "Әзірет Сұлтан" мешітінде танымал әнші Димаш Құдайбергеннің атасы Құдайберген Айтбаевтың жаназасы шығарылды. Оның жақындары мен туыстары марқұмды ақтық сапарға шығарып салды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан кадр
Жаназа рәсіміне Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы және Президенттің бұрынғы баспасөз хатшысы Берік Уәли қатысты.
Айта кетсек, Димаш марқұм атасы Құдайберген мен әжесі Миуаның тұңғыш немересі. 2019 жылы Құдайберген Айтбаев "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталған. 2018 жылы Димаштың ата-әжесі үйленгендеріне елу жыл толуына орай "Алтын тойларын" өткізген болатын.
13 маусым күні Құдайберген Айтбаевтың өмірден өтті.
"Трендті ұстап тұрған әже": Желіде немересімен видео түсірген 86 жастағы кейуана қазақстандықтарды сүйсіндірді
Немересі: "Әжем өзінің танымал екенін әлі білмейді"
"Дипломынан айырылғалы отыр": Алматыда әскерге күштеп әкеткен студенттің анасы президенттен араша сұрады
Жанаттың айтуынша, ұлы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің күндізгі бөлімде мемлекеттік грант негізінде білім алып жүрген