Ділназ Ахмадиева сымбатты болуының сырын ашты
Ділназ Ахмадиеваға соңғы кезде “Аз уақыт ішінде қалай арықтадыңыз?” деген сұрақ жиі қойылатын көрінеді. Осыған орай, әнші сымбатының сырымен бөлісіп, өзінің өміріне қызығушыларға кеңес берді.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
“Дәл қазір фитнес студияда жаттығып жүрмін. Аптасына екі рет 30 минуттан. 10 жаттығудан кейін-ақ салмағым 48 кг-ға түскеніне ризамын. Бұрын 54 кг болатын. Тәнім де маған алғыс айтып жатыр. Достар, барлықтарыңа жақсы нәтиже мен табыс тілеймін!”, – дейді әнші.

Бұдан өзге тыңдармандарына әзірлеген ерекше тосын сыйының бар екенін айтып елең еткізді. Тосын сыйының жеке өмірімен немесе өнерімен байланысты екені әзірге белгісіз.
Естеріңізге сала кетсек, Ділназ Ахмадиеваның жүрегін жаулаған жігіт туралы жазған болатынбыз.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады