AAPL
150.43 $
-1.51 %
TSLA
275.33 $
-4.59 %
NDAQ
56.93 $
-0.82 %
GOOGL
98.74 $
-1.4 %
FRHC
50.66 $
-3.78 %
AAPL
150.43 $
-1.51 %
TSLA
275.33 $
-4.59 %
NDAQ
56.93 $
-0.82 %
GOOGL
98.74 $
-1.4 %
FRHC
50.66 $
-3.78 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дикий Арман спортшыларға ақша таратты: Мәдениет және спорт министрлігі түсінік берді

Дикий Арман атымен танымал Арман Жұмагелдиевтің әлем чемпионатына қатысқан қазақ боксшыларына ақша таратқан видеосы таралып кеткен. Осыған қатысты мәдениет және спорт министрлігі пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Әлеуметтік желілерде Дикий Арманның Қазақстан атынан шыққан әр спортшыға екі мың доллар (шамамен 840 мың теңге) таратқан бейнежазбалары тараған. 

Мәдениет және спорт министрлігінің мәліметінше, ұлттық құраманың жекелеген боксшыларына ақша беру федерация мен министрліктің ресми тұлғасына жатпайтын азаматтың жеке бастамасы екенін айтты.  

"Қазақстан бокс федерациясы Белград қаласында спортшыларды дайындауға, бокстан қазақстандық делегацияны басқаруға және сүйемелдеуге және олардың коммуникациясына жауап береді. Қазір Сербияда Қазақстан бокс федерациясының басшылығы мен жаттықтырушылар құрамы бар, оларға министрлік аталған факті бойынша түсініктеме алу үшін ресми сұрау жіберді", - делінген министрлік таратқан ақпаратта.

Мәдениет және спорт министрлігі бокстан ұлттық құраманың даярлығына, жиынына және халықаралық жарыстарына 2019-2021 жылдары республикалық бюджеттен 1,5 миллиард теңге бөлген.

  • 1-орын үшін 15 000 АҚШ доллары;
  • 2 орын үшін 7 000 АҚШ доллары;
  • 3-орын үшін 5 000 АҚШ доллары.

Айта кетсек, желідегі шудан кейін бокстан мемлекеттік жаттықтырушы Бақтияр Артаевтың Арман Жұмагелдиевпен бірге түскен видеосы тарады. Ол жерде Дикий Арман әлем чемпионатына қонақ болып келгенін, қазақстандық спортшыларға қолдау көрсетіп жатқанын айтты.

"Ұтылған спортшыларға ақша беріп жатыр деп шу шығып жатыр. Ол – өз қалтамнан берілген ақша. Спортшылардың еңсесі көтерілсін деп берілді. 18 жастағы мықты-мықты спортшылар, олар ұтылған жоқ, ұтты. Ертең олардың спорттан көңілі қалып, спортты тастап кетуі мүмкін. Жаман жағынан емес, жақсы жағынан істелген амал", - деді Арман Жұмагелдиев.

 

Талқылау
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр