Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дертінен айыққан Жанар Дұғалова қырғыз әншісімен дуэт жаздырмақ

Кезінде күллі түркі тыңдармандарының жүрегін жаулаған Жанар Дұғалова, соңғы кездері көп көрінбейді. Тіпті, әнші ұзақ уақытқа шетел асып кеткен де болатын. Көзден таса болған арудың айтуынша, оның бұл әрекетіне алаңдауға тұрарлық өз себептері бар.

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

Америкаға аттанып, тыңдармандарын жаңа туындылармен қуантуды сиреткен Жанар Дұғалова, соңғы кездері тек шығармашылық басқосуларда төбе көрсетуде. Алайда, әнші мұны өнерге қайта оралу деп есептемейді.

“Енді, камбэк деп айтуға болмайтын шығар. Өйткені жаңа туындыны, бейнебаянды ұсынсаң камбэк деп айтуға болады”, – дейді Жанар.

Тыңдармандарын сағындырған өнерпаз шетелге оқу үшін бардым дейді. Оның үстіне, арудың шығармашылығының тоқтап қалуының тағы бір себебі бар.

“Денсаулыққа байланысты деп айтуға болады. Бірақ, барлығы артта қазір. Ақырындап-ақырындап формаға келіп жатырмын. Сондықтан да, жаттығуларды қайтадан бастадым”, – дейді Дұғалова.

Дұғалова, өз өнерін жандандыруға да қайта кіріспек. Мәселен ол, көп ұзамай қырғыз әншімен ортақ туынды жазуға ниетті.

“Мейірбек Атабековпен болашақта дуэт болады. Бұл әнді саундтрек ретінде шығару керек болғанбыз. Бірақ, бір жағдайларға байланысты саундтрэк емес, кейін жеке бейнебаян қылып шығарамыз Құдай қаласа”, – дейді әнші.

Жанарды жуық арада қырғыз сахнасынан көріп қалсаңыз да таңқалмаңыз. Ал, оған дейін әнші жұмысына жан бітіруге білек сыбана кіріспек.

“Алаңдап, денсаулығымды ойлап жазып жатқан көрермендеріме көп рахмет. Мен оны бағалаймын. Және де жақын арада, оларды, құрметті көрерменді жаңалықтарыммен қуантатын боламын”, – дейді Жанар.

Жіберіп алмаңыз: 

Қайрат Нұртастың балалары концертте қандай өнер көрсетті (видео)

Қайрат Нұртас төрт баласын халыққа таныстырды (фото)

Ар-ұятты сатып ала алмайсың, балам: Тұрсын Алагөзов өзін сотқа берген ұлына жауап берді

Еңкейсе іш киімі көрінеді: Жартылай жалаңаш ән айтқан Кәмшат Жолдыбаева елдің сынына қалды (видео)

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Қар жауып, боран болады: Алдағы күндері ауа райы қандай болады

Алдағы үш тәулікте ел аумағына үлкен жылдамдықпен суық атмосфералық фронттар жылжиды

Понт, құр мақтан һәм пафос: Қазақтар тойда қымбат «Мерседес майбах» көлігін ойнатуды сәнге айналдыруда

Шоумен: Қазір тойларына ешкім әншілерді шақырмайды, өйткені ол қазір қызық емес

"Қытайға қайтармаса болды": Шекараны заңсыз кесіп өткен қандастырымызға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Қытайлық азаматтар босқын мәртебесін беруін сұраған

"Бұрын өзімді аямайтынмын": Ауруханада жатып, ауыр отадан өткен тележүргізуші жазушлыққа бет бұрды

Мұхит Сапарбаев: Жұмыссыз қалған кездерім болды, өмір осымен аяқталғандай күй кешетінмін

Павлодарда өгей әкесі 7 жасар қызын зорлады деп күдіктелуде

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр

"Ол небәрі 20 жаста, қорқып кеткен": СІМ Кореяда баланы қаққан қазақстандық жігіт туралы

Смадияров: Алдын ала тұжырым жасаудың қажеті жоқ

"Ұлттың намысын қорғады": Қоғам белсендісі қытайларды ұрған қазақтар туралы

Қоғам белсенділері Алматы облысы әкімдігіне барып, бес жігіттің босатылуын талап етті

"Баспана" ипотекалық ұйымы 20,89 млрд теңгеге бірінші облигацияларын өтеді

Негізгі борыш бойынша - 20 млрд теңге, купондық сыйақы бойынша 897 млн теңге уақтылы және толық көлемде төленген

Хирург мінсіз сұлулыққа ие әйелдің кім екенін атады

Америкалық супермодель Белла Хадидтің бет-әлпеті мінсіз деп танылды

Елорда маңынан өлі жылқылар табылды: Іске қорғаныс министрлігі қызметкерінің қатысы бар болуы мүмкін

Тергеу мәліметінше, ол барымташылар тобын басқарған
Çàãðóçêà...