Депутатпен cөзге келіп қалған вице-министр қызметінен кетті
Үкімет қаулысымен Әбілхайыр Тамабек ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, ол басқа жұмысқа ауысады.
Тамабек 1994 жылы 5 шілдеде Жамбыл облысында дүниеге келген. 2015 жылдан бері ұлттық экономика министрлігінде, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде, Жамбыл облысы әкімдігінде, ауыл шаруашылығы министрлігінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарған.
- Вице-премьер Дүйсенова Ажар Ғинияттың жұмыстан не себепті босатылғанын айтты
- Қайрат Сатылбалдыұлының қылмыстық ісіне қатысты 44,6 миллиард теңге мемлекетке қайтарылды
2022 жылдың сәуірінде ол Ауыл шаруашылығы вице-министрі болып тағайындалған.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың қыркүйегінде мәжілістің аграрлық мәселелер комитетінің кеңейтілген отырысында вице-министр Тамабек пен мәжіліс депутаты, "Республика" партиясының жетекшісі Айдарбек Қожаназаров арасында кикілжің орын алған еді.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған
