Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Алматы тұншығып жатыр": Депутат RAMS компаниясы салып жатқан 40 қабатты кешенді сынға алды (видео)

RAMS Beyond Almaty үлгісіФото: rams-global.com

Мәжіліс депутаты Сергей Пономарев Алматыда RAMS құрылыс компаниясы салып жатқан жаңа құрылыс нысанын сынға алды. Оның пікірінше, бірі қырыққабаттан тұратын бес ғимаратты кешен қала инфрақұрылымы мен коммуналдық желілеріне қосымша жүктеме түсіреді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Депутат Instagram-дағы жеке парақшасында RAMS құрылыс компаниясы салып жатқан нысанға қатысты мәселе көтерген видеосын жариялады. Оның пікірінше, онсыз да тығыз орналасқан ауданға қырыққабатты кешен салу жағдайды ушықтырады.

"Шаршы метрлер, салық, жұмыс орындары екенін түсінеміз. Бірақ мұнда орасан зор орталық қажет пе? Мұнда 40 қабатты мұнара мен оның жанына тағы 5 бес қабатты құрылыс салынады. Сейфуллин даңғылы мен Темириязев көшесі қилысында орналасқан бұл ауданды алматылықтар жақсы біледі. Бұл аудан – онсыз да инфрақұрылымы, әлеуметтік нысандары тым тығыз орналасқан аудан. Мұнда аурухана, мектеп, емханалар жетіспейді, демалыс аумағы, өмір сүруге қолайлы орындар, саябақтар қажет", – дейді депутат Сергей Пономарев.

Депутат қырық қабатты кешен салынса, бай-қуатты бірнеше адамдар тобы уақыт өткізетін, демалатын, бизнес жүргізетін тағы бір орынға ие болғанымен, алматылықтардың басым көпшілігі бұл жобаның зардабын тартатынына сенімді.

"Қала бірі қырыққабаттан тұратын бес ғимаратты көрете ала ма? Бұл энергетикалық желіге, су желісіне, газ бен кәріз жүйесіне жүктеме түсіреді. RAMS компаниясы Қазақстандағы ең үлкен тығыз орналасқан тұрғын үйді саларда оны абаттандыруға, көгалдандыруға, Жандосов көшесінен Өтепов көшесіне дейін жеке секторды сүріп, жеті гектарлық үлкен саябақ салуға уәде берген. Бірақ оның бірі де істелген жоқ. Қазір жаңа уәде беріп отырсыздар. Мектеп құрылысы аяқтамады, аурухана салынбады, оған қоса мың пәтер берілген, ал қазір RAMS City маңына сыймаған көліктер обыр ісігіндей жайылып бара жатыр", – деді ол. 

Қазір бұл нысан мемлекеттік сараптамадан өткізіліп жатыр. 

Пономарев мәжіліс депутаты ретінде бұл мәселені зерттеп, қала басшылығының алдында да мәселе көтеретінін мәлімдеді.

Аида Тақабаева
Жұма, 04 Шілде, 2025 12:13
Талқылау